379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Жетіген» ансамблінің әншісі Қобылан Мусин өмірден озды

  • 112
«Жетіген» ансамблінің әншісі Қобылан Мусин өмірден озды inform.kz

«Жетіген» ансамблінің солисті, белгілі музыкант, композитор Қобылан Мусин 67 жасында қайтыс болды.

Композитордың қайтыс болғанын Мәдениет және спорт министрлігі растады. Қобылан Мусиннің «Біздің бақтағы қыс» (В нашем парке зима) әні қазақстандық бірнеше буынның айтып жүрер хитіне айналған еді. Жылдар бойы Қобылан Мусин Н. Тілендиев атындағы «Отырар сазы» шығармашылық оркестрінде өнер көрсеткен. Қобылан Мусиннің 30 наурызда өмірден өткені белгілі болып отыр. Марқұмды соңғы сапарға шығарып салу рәсімі туралы Мәдениет және спорт министрлігі кейінірек хабарлайтын болады.

Ақпарат көзі: inform.kz

Хабар 24 телеарнасы