379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада қимыл дағдылары төмен балаларға арналған балабақша ашылды

  • 691
Елордада қимыл дағдылары төмен балаларға арналған балабақша ашылды

Нұр-Сұлтанда алғаш рет есту, сөйлеу және қимыл дағдылары төмен балаларға арналған балабақша жұмысын бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қолдауымен ашылған орталыққа 100-ден аса бүлдіршін келе алады. Ғимарат ерекше балаларды әлеуметтік бейімдеуге қажетті замануи технологиялармен жабдықталған. Бұған қоса, балалармен психолог, логопед, дефектолог сияқты арнайы мамандар жұмыс жасайды. Айта кетейік, қазір елорда бойынша 7 мыңнан аса бала арнайы бақылауға алынған.

Хабар 24 телеарнасы