378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да су тасқыны кезінде бір ауыл жарықсыз қалды

  • 118
СҚО-да су тасқыны кезінде бір ауыл жарықсыз қалды

Көктемгі су тасқыны солтүстікқазақстандықтарды да әбігерге сала бастады.

Сілеті қоймасынан келген су қазір облыс орталығынан шалғайда жатқан Уәлиханов ауданына қарасты Қаратал және Қулыкөл ауылдарына қауіп төндіріп тұр. Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, тәртіп сақшылары аталған елді мекендерде апаттың алдын алуда жұмыс жасауда. Ал тасқын деңгейі уақыт өткен сайын көтерілуде. Тіпті күре жолдарды да шая бастаған. Сондықтан мамандар 60-қа жуық түтіні бар Қаратал ауылының тұрғындары мен төрт түлікті эвакуациялап, қауіпсіз жерге көшіруде. Мұнымен қоса тасқынға байланысты Береке ауылы жарықсыз қалды.

Қизат Мұхамедияров, Қулыкөл ауылдық округінің бас маманы:

– Күні кеше Береке ауылында сең жүріп, мұз бағананы құлатып кетті. Қазір ауыл тұрғындары жарықсыз отыр. Дегенмен ауданнан келген мамандар қазір жұмыс жасауда. Бүгін болмаса 1-2 күнде жарық беріліп қалады деп ойлаймын.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы