389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


CҚО-да су тасқынының қаупі күшейді

  • 475
  • UPD: 19:22, 31.03.2019

Солтүстікте тасқынның әлегі басталды. Сілеті қоймасынан тасталған су қазір облыс орталығынан шалғайда жатқан Қулыкөл және Қаратал ауылдарына қауіп төндірді. Тіпті топан су екі ауыл арасын жалғайтын күре жолды да шайып жатыр. Осыған байланысты мұнда  жедел штаб жұмысын бастады.

60-қа жуық үй түтін түтетіп отырған Қаратал ауылының тұрғындары тасқынға жылда дайындалады. Өйткені топан су аталған елді мекенді осыған дейін де бірнеше рет басып қалған.

Берік Темешов, Қаратал ауылының тұрғыны:

- Қауіптен ақырын көтеріп жатырмыз, мына техникалармен. Сол өзіміздің қауіпімізді ойлап жатырмыз. Мал- жан бәрін аман алып қалайық деген секілді.

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Сілеті су қоймасынан тасталған топан су қазір Уәлиханов ауданына қарасты Қаратал ауылына қауіп төндіріп тұр. Топан су тіпті елді мекенді қоршап алған. Ал деңгейі уақыт өткен сайын көтеріліп келеді.  

Орын алған жағдайға байланысты, құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялауды бастады. Алайда, халық  үй-жайларын тастап кетуге  асығар емес.

Сырым Исаев, облыстық ТЖД қызметкері:

- Барлықтарына айтып шықтық. Машина мен де жаяудажүрдік. Списоктарын алдық. Қанша адам. Бала бар ма, мүгедектер бар ма, қарт адамдар бар ма? Соның бәрін алдық списоктарын. Енді есеп бойынша 23 адам. Соны күтеміз енді.

Уәлиханов ауданындағы жағдай қазір мамандардың жіті бақылауында. Көмекке тіпті Елордадан қосымша жасақ та жетті. Қазір мұнда 40-қа жуық құтқарушы  еңбек етіп жатыр.

Ерік Сарыбаев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Орталықтан күш көмек ретінде қазіргі таңда үш бірлік жоғары өтімді техникалар қайықтар және де 14 адам жеке құрам келіп отыр.  Аталған күш пен құралдар қазіргі таңда тиісті іс-шараларды ұйымдастыруға жеткілікті.

Қаратал мен Құлыкөл ауылдары арасын жалғайтын күре жолды да су басып жатыр. Мұнымен қоса тасқынның салдарынан аудандағы Береке елді мекені электр жарығынсыз қалды.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы