384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-ның Уәлиханов ауданында су тасқынының алдын алу үшін жедел штаб құрылды

  • 639
  • UPD: 19:33, 31.03.2019
СҚО-ның Уәлиханов ауданында су тасқынының алдын алу үшін жедел штаб құрылды

СҚО әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кешеден бері Ақмола облысындағы Сілеті су қоймасынан жылдағы мөлшерден артық көлемде су жіберіліп жатыр.

Соның салдарынан Сілеті өзенінің деңгейі көтеріліп келеді. Яғни су тасуы мүмкін. Уәлиханов ауданындағы Қаратал және Қулыкөл ауылдары су жайылуы мүмкін аумақта орналасқан. Осыған байланысты облыс әкімі Құмар Ақсақалов Уәлиханов ауданында жүр. Тасқын судың алдын алу үшін іс-шаралар қолға алынып, өңір басшысының жетекшілігімен жедел штаб құрылды.

Жергілікті билік тұрғындардың денсаулығы мен өміріне және олардың мал-мүлкіне зиян келмеуі үшін су тасқынына дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы