389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да орман мен ағаш өңдеудің экологиялық кластері құрылады

  • 702
  • UPD: 21:55, 31.03.2019

Солтүстік Қазақстан облысында 2020 жылға дейін орман және ағаш өңдеудің коммерциялық әрі экологиялық кластері құрылатын болады. Оның жалпы құны 339 миллион теңге.

2017 жылы бастау алған тың жобаны жеріглікті кәсіпкер Сермұхамет Ахмутдинов жүзеге асырып келеді. Мәселен былтыр ғылым қорынан қайтарымсыз берілген қаржыға азамат инновациялық техникаларды сатып алды. Бұл кешендер жұмыс күшін жеңілдетуге сеп болды. Тақырыпты осы өңірдегі әріптесім Самат Қайырденұлы сабақтасын.

Евгений Рябченюктің мына бір соңғы үлгідегі техниканы тізгіндегеніне бір жылдай ғана уақыт болған. Заманауи кешен кез келген ағашты санаулы минуттың ішінде бұталап, шыбықша бөлшектейді. Айналасы бір аусымда Евгенийдің жалғыз өзі 140 текше мерт ағаш дайындайды. Бұрын мұнда істі 5 бригада атқаратын. Ал техниканың тілін табу үшін Белорусияда арнайы оқып келді.

Евгений Рябченюк, механизатор:

- Мұнда қажеттінің бәрі орнатылған. Ағаш кесудің кез-келген түрін орындайды. Өзіңе керекті өлшемді компьютер арқылы белгілесең болғаны. Өте ыңғайлы. Қақаған аязда да, ыстық күндері де  жұмыс жасай берем.  Техника саз-батпақ, опа қарға қарамайды. Өтімділігі де жоғары.   

Дала басында сұрыпталған сүректер, бірден цехқа жеткізіледі. Мұнда ағаш өнімінің 50-ге тарта түрі дайындалады. Айта кету қажет, бұл қалдықсыз кәсіпорын. Тіпті жаңқаларды да кәдеге жаратып, олардан пеллет жасайды. Ал оның қызуы көмірден артық болмаса, кем емес. Экологияға да зияны жоқ.

Сермұхамет Ахмутдинов, кәсіпкер:

- Пеллет деген өнім бізде шығарып жатырмыз ғой, мінекей бес жыл болды. Бірінші екі жыл соны Қазақстан бойынша өте алмай халық үйрене бастаған. Бүгін біз айтамыз, біз үлгере алмай жатырмыз оны шығаруға. Мен ойлаймын енді былай әрі қарайтын болсақ, тағы да бір-екі зауыт қою керек біздің облыс бойынша. Сонда ғана біз өзіміздің Қазақстан бойынша сұрағын жаба аламыз.  

Енді кәсіпкер қайың ағашынан көмір жасауды жоспарлап отыр. Ол үшін жаз айларында жаңа зауытты іске қоспақшы. Мұнымен қоса жылыжай салмақ ниетте. Яғни онда қарағай, шырша сынды ағаштарды өсіріп, кесілетін қайыңның орнына отырғызатын болады.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы