379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында тасқын қаупі күшейді

  • 167
  • UPD: 15:26, 01.04.2019
Ақмола облысында тасқын қаупі күшейді Informburo.kz

Себебі, соңғы күндері аймақта күн жылып, қар тез еріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған қоса өткен тәуліктерде өңірде тағы да 15 см-дей қар жауған. «Ал алдағы күндер де жауын-шашынды болатынын ескерсек, жағдай қатерлі болуы мүмкін», – дейді мамандар. Оның үстіне осы жылы өзен-көлдердегі ылғалдылық деңгейі қалыпты мөлшерден 20-дан 70 процентке дейін артық. Сондықтан синоптиктер осының бәрін есепке алғанда, биылғы жыл 2017 жылдың көктемінен кем емес екенін айтады. Яғни тасқынның алдын алу шараларын күшейту қажет.

Бақыт Мақажанова, «Қазгидромет» РМК филиалының директоры:

- Биыл облыстағы Сілеті, Есіл, Жабай, Қалқұтан және Шағалалы өзендеріне жақын орналасқан аумақтарды су басуы мүмкін. Бұл туралы жергілікті билік өкілдеріне де хабарланды. Біз Су ресурстары жөніндегі комитетке де ескерту жібердік. Себебі, су қоймаларындағы жиналған суды уақтылы ағызып, тасқын қаупін сейілту керек.

Хабар 24 телеарнасы