379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да жыл басынан бері қызылшаны 197 адам жұқтырған

  • 188
  • UPD: 15:26, 01.04.2019
СҚО-да жыл басынан бері қызылшаны 197 адам жұқтырған

Солтүстік Қазақстан облысына осы апта қызылшаға қарсы 10 мыңнан астам вакцина келіп түседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, ол 1 мен 6 жастағы балалармен қатар иммундық статусы белгіленбеген ересектерге салынады. Жалпы, жыл басынан бері жұқпалы ауруға 197 адам шалдыққан. Оның басым көпшілігі екпені мүлде алмаған науқастар. «Сондықтан емдеу шарасын уақытында қабылдау керек», – дейді мамандар. Қазіргі таңда облыстағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

Айта кетейік, бүгінге дейін қызылшаға 4 жүкті әйел де шалдыққан.   

Нұрлан Айманов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Жүкті әйелдер ауырып қалды. Оның ішінде бір әйел өте қатты ауырып, пневмониямен ауырып қалды. Өте ауыр болды. Республикалық санитарлық авиацияны шақырдық. Өмірін құтқардық. Одан облыстық ауруханаға ауыстырдық. Қазір жағдайы орташа. Ем қабылдап жатыр. Егер кезінде вакцина алатын болғанда, қызылшамен ауырмайтын еді.

Хабар 24 телеарнасы