379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз

  • 137
  • UPD: 15:25, 01.04.2019

Жамбыл облысында қызылша ауруы дендеп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде жыл басынан бері 159 адам вирус жұқтырған. Оның ішінде 111-і 14 жасқа дейінгі балалар, 70 проценті бір жасқа толмаған нәрестелер. Мамандардардың айтуынша, ауырғандардың дені екпе алудан бас тартқандар мен вакцина алу жасына жетпеген балалар. Қазір эпидемияға қарсы алдын алу шаралары қарқынды жүргізіліп, тәулік сайын мониторинг жасалып жатыр. Аймақта жыл басынан бері 12 мың адамға екпе жасалған. Дегенмен облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз күйінде қалып отыр. 

Нелли Мүлікова, облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы: 

- Қызылшаға қарсы вакцинаның бірінші партиясы келді. 25 мың доза келді. Барлық аудандарға, барлық екпе пунктілеріне таратылды. Қарым-қатынаста болған қызылша ошақтарында тіркелген адамдар арасында қызылшаға қарсы қосымша иммундау жүргізіледі.    

Хабар 24 телеарнасы