379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да медицина саласында 129 маман жетіспейді

  • 132
  • UPD: 15:25, 01.04.2019
ШҚО-да медицина саласында 129 маман жетіспейді

Өңірде әсіресе реанимотолог, анестезиолог, акушер-гинеколог, неонотолог, психотерапевт сынды дәрігерлер тапшы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сала басшыларының айтуынша, маман жетіспеушілігі көбінесе облыс орталығында кездесіп отыр. Өйткені ауыл-аймаққа баратын жас мамандарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау арқасында ол жақтағы кадр мәселесі жақсы шешім тауып жатыр. Дегенмен Өскеменде де жас мамандарды пәтермен қамтамасыз етудің түрлі жолдары қарастырылуда. Мәселен, бір жыл бұрын 28 дәрігер баспаналы болды.

Айта кету керек, тек өткен жылы облысқа 165 маман келген екен. Осылайша соңғы 3 жылда кадр тапшылығы 4 есе азайған. Енді сәуір айында мамандарды жұмысқа тарту бойынша арнайы жәрмеңке ұйымдастырылмақ. Сонымен қатар бұл мәселені шешуге медициналық ұйым жетекшілерін де жұмылдыру көзделген.

Бекзат Сакиғожина, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:

- Қыркүйек айында біз мемлекеттік медициналық ұйымдарға биыл бітіретін түлектердің тізімін жолдаймыз, медициналық ұйымдарға және қала-аудан әкімдеріне, олар бітіретін    түлектермен жұмыс атқара бастайды, өздерінің қандай әлеуметтік көмек көрсететінін көрсетеді және үш жақ болып келісімшарт жасасады.  

Хабар 24 телеарнасы