379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-дағы Қаратал тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді

  • 140
  • UPD: 15:24, 01.04.2019

Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Қаратал ауылының тұрғындары біртіндеп қауіпсіз жерге көшіріле бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құтқарушылар әсіресе балалар мен қарттарды Қулыкөл елді мекенінде орналасқан эвакуациялық бекетке жеткізуде. Ал қалғандары әзірге үй-жайларын тастап кетуге асығар емес.

Естеріңізге сала кетейік, Ақмола облысындағы Сілеті су қоймасы жылдағы мөлшерден бірнеше есе көп су жіберуіне байланысты қазір Уәлиханов ауданындағы кейбір ауылдарға тасқын судан қауіп төніп тұр. Осыған байланысты жедел әрекет ету штабы құрылып, көмекке тіпті елордадан да құтқарушылар келді. Өңір басшылары мен сала мамандары жағдайды қатаң бақылауда ұстап отыр.

Көкөш Баймышева, Қаратал ауылының тұрғыны:

- Қорқынышты. Жол жоқ. Су қатты келіп жатыр. ТЖК-нің арқасында, полицияның арқасында аман-есен жеттік. Енді үйге жетіп алсақ, бес немереммен үйге оралсақ болды. Құжаттар, бәрі өзімде.

Хабар 24 телеарнасы