377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астана әкімдігі кәріз құдықтарын түгел санап шықпақ

  • 139
  • UPD: 11:08, 01.04.2019
Астана әкімдігі кәріз құдықтарын түгел санап шықпақ astana.gov.kz

Елордада кәріз құдықтарын түгендеу жүргізіліп жатыр.

«Ашық люктер мәселесі қала әкімдігінің тұрақты бақылауында: пайдаланушы ұйымдар өтінімдерге байланысты күн сайын ашық құдықтарды анықтау және жою бойынша жұмыстар жүргізуде», - деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгінгі күні кәріз құдықтарының иесін анықтау бойынша жұмыстар аяқталған.

Олар ашық қалмауы үшін және апаттың алдын алу мақсатында әкімдік инвентаризация өткізуді бастады. Ал алда іске қосылатын құдықтарға полимерлі материалдан жасалған люктер орнатылатын болады. Сонымен қатар, қолданыстағы кәріз жүйелеріне темір торлар орнатылуда. Олар қақпақ ұрланған жағдайда адам мен жан-жануарлардың құдыққа құлап кетуінен қорғайды.

Айта кетейік, тұрғындармен есептік кездесу барысында қала әкімі Бақыт Сұлтанов құдық қақпақтарының ұрлануын «астананың ауруы» деген болатын. Оның сөзінше, өткен жылдың күзінен бастап коммуналдық сала қызметкерлері мыңдаған ашық құдықты анықтаған. Адамдардың қауіпсіздігі және қайғылы жағдайларды болдырмау үшін шаһар басшысы құдықтарды үнемі тексеріп, оларға темір торлар орнатуды тапсырған болатын.

Хабар 24 телеарнасы