379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

  • 172
  • UPD: 12:12, 01.04.2019
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады novostipmr.com

Синоптиктер 2-4 сәуір аралығына ауа райы болжамын жариялады.

«Сәуір айында циклонмен байланысты синоптикалық процестер күшейе бастайды. Қазақстанның орталығында орналасқан циклон 2 сәуірде шығысқа қарай жылжиды, оның орнына антициклон орнайды. Бірақ антициклон да тұрақталмайды, өйткені оның орнына Жерорта теңізінің шығыс аймағынан кезекті циклон жылжып, алдағы үш тәулікте республиканың басым облыстарында ауа райын анықтайтын болады», деп хабарлады Қазгидромет.

Республиканың басым бөлігінде жаңбырмен бірге найзағай, қатты екпінді жел, солтүстік облыстарда кей жерлерде жауын-шашын, 4 сәуірде тек шығыста күтіледі. Ауа температурасы көктемге тән: оңтүстікте 15…25° және солтүстік облыстарда 5…15°С жылы болмақ.

Хабар 24 телеарнасы