379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дмитрий Баландин көлігінің айнасын кім ұрлағаны анықталды

  • 158
  • UPD: 12:57, 01.04.2019
Дмитрий Баландин көлігінің айнасын кім ұрлағаны анықталды inform.kz

Алматы полициясы Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің көлік айнасын ұрлаған адамды анықтады.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл дерекке байланысты ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Қазақпарат.

«Қалалық Криминалды полиция басқармасы кешенді тергеу-іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Сыртқы бейнебақылау камераларындағы видео алынып, ұрлық жасаған адамның жеке тұлғасы анықталды», - деді Полицияның ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сондай-ақ, ұрланған затты сатып алған саудагерлер анықталуда.

Криминалды полицияның хабарлауынша, қылмыскер тура сол күні «Рэндж Ровер» көлігінің де айнасын шешіп кеткен.

Айта кетсек, Алматыда биыл ұрлық қылмысының көрсеткіші жылдағымен салыстырғанда 2,4 есе азайған. Осындай ұрлықтардың басым көпшілігі ізі суымай ашылды. Жыл басынан бері 30 адам ұсталып, 3 қылмыстық топ әшкереленді.

Еске салсақ, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин жүзуден Олимпиада жеңімпазы Дмитрий Баландин көлігінің айнасын ұрлау фактісі турал айтқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы