389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ю.Ильин: Өңірлерге ағын судан қауіп жоқ

  • 572
  • UPD: 15:21, 01.04.2019

Аймақтардағы жағдай тұрақты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин осылай деп мәлімдеді. Қазір Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарында еріген қар суынан және ағын судан төнген қауіптің алдын алу, суды сорғызу жұмыстары жүргізілуде. Шығыстағы жағдай да бақылауда. Ал Ақмола облысы Атбасар ауданындағы су қоймасының деңгейі межесіне дейін екі метр қалған. Алайда, мамандар айтуынша, алаңдауға негіз жоқ. Су қоймалары мен деңгейі күнделікті бақылауда.

Айта кетейік, судан төнген қауіппен күресу үшін Ішкі істер департаментінен 12 мың адам және 3 мыңдай техника жұмылдырылған.

Юрий Ильин, ҚР ішкі істер министрінің орынбасары:

- Өткен аптаға және демалыс күндеріне шолу жасасақ, Түркістан, Жамбыл облыстарынан Қарағанды, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарына қосымша жасақтар жіберілген. Сондай-ақ кеше ғана Ақмола облысы Кенесары ауданы аймағында платинаны шайып кеткені белгілі. Дамбыдан өткен су қазір Балықтыкөлге және Ивановское қоймасына ағып жатыр. Көкшетау тұрғындарына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Солтүстік Қазақстан облысындағы Селекті су қоймасы бақылауда. Күн жылынып, қар алалас жаңбыр жауғандықтан, қоймаға секундына 800 мың текше метрге дейін су аққан. Қазір ондағы екі елді мекен тұрғындарымен дайындық жұмыстары жүргізілуде. Эвакуациялық пункт құрылды.

Хабар 24 телеарнасы