384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында су деңгейі түсіп келеді

  • 565
  • UPD: 15:21, 01.04.2019

Қарағанды облысы аумағындағы жолдардың бойында су деңгейі түсіп келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Нұра-Теміртау бағытындағы жол ашылды. Айта кетейік, осыдан бірер күн бұрын өңірдегі күре жолдың біразынан су жүріп кеткен болатын. Әзірге 4 жерде бұл жағдай сақталып тұр. Бірақ көлік қатынасы тоқтаған жоқ. Ол жерлерге ескерту белгісі орнатылып, күзет қойылды. Ал жолды шайып кетпес үшін 3 жарым шақырым бөгет орнатылып, 25 мың құм салынған қап төселген. Қазір әсіресе Садовое мен Чкалов ауылдарына қауіп төніп тұр. Екі елді мекен де Самарқанд су қоймасына жақын, Нұра өзенінің бойында орналасқан.

Ерлан Қошанов, Қарағанды облысының әкімі:

- Барлық мүдделі қызметкерлер үнемі дайындық режимінде болуы керек. Барлық техника, адамдық ресурстар барлығы пайдаланылуы керек. Ең басты міндет – бұл адам шығынын болдырмау. Тұрғындарға материалдық зиян келетін болса, ол шығынды, тағы да қайталап айтамын, дер кезінде қалпына келтіру қажет.   

Хабар 24 телеарнасы