376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арқалықты абаттандыруға қомақты қаржы бөлінді

  • 138
  • UPD: 15:20, 01.04.2019
Арқалықты абаттандыруға қомақты қаржы бөлінді

Қостанай облысындағы Арқалық қаласынан кезінде жұрт үдере көшкенде 26 мыңға жетер-жетпес халық қалған еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір тұрғындар саны 42 мыңнан асты. Соңғы төрт жылдың ішінде Арқалықта он шақты көпқабатты үй және әлеуметтік нысандар қайтадан қалпына келтірілген. Биыл қаланың тұрғын үй-коммуналық шаруашылығын дамытуға 1 миллиард 500 миллион теңгеге жуық қаржы бөлініп отыр. Оның басым бөлігі іргедегі Дачный және Восточный ауылдарына ауызсу құбырын тартуға жұмсалмақ. Сондай-ақ қаланы абаттандыруға да қомақты қаржы қаралған.

Индира Хамзина, Арқалық қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Арқалық қаласының жолдарын жөндеуге 527 миллионға жуық ақша бөлінеді. Оның басым бөлігі 255 миллионы Арқалық-Ашутасты-Шилі автожолын жөндеуге бөлінген. Сондай-ақ білім беру саласындағы мәселелерге келсек, биыл №2 мектептің күрделі жөнделуі жоспарланып отыр. Сондай-ақ басқа мектептердің ағымдағы жөнделуі қарастырылуда.

Хабар 24 телеарнасы