379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында 13 тұрғын үй бой көтереді

  • 199
  • UPD: 15:20, 01.04.2019
Түркістан облысында 13 тұрғын үй бой көтереді

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында соңғы 45 жылда бірде-бір көпқабатты тұрғын үй салынбапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл аудан тұрғындары үшін қоныс тойын тойлатын қуанышты жыл болмақ. Өйткені қазір аудан орталығында 585 пәтерлі 13 көпқабатты тұрғын үй бой көтеруде. 120 гектар жерге орналасқан нысандардың барлығы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатыр. Оған облыстық бюджеттен 5 млрд теңге қаржы бөлінген. Құрылысы өткен жылы басталған баспаналар алдағы тамыз айында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Ол кезде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар, асыраушысынан айырылған және көпбалалы отбасылар, жетім балалар, соғыс ардагерлері мен  бюджеттік сала қызметкерлері баспаналы болады. Әрбір 5 қабатты тұрғын үйде 45 пәтерден бар.

Айта кетейік, Сарыағашта тұрғын үйден бөлек 5 мектептің құрылыс жұмыстары да жүріп жатыр. Бұл аудандағы 3 ауысымды және апатты мектептер санын азайтуға сеп болады.

Нұрбек Тұрабеков, Сарыағаш аудандық құрылыс бөлімінің маманы:

- Келешекте тағы жоспарлар бар. Сарыағаш қаласын осы жаққа қарай өзгертіп, көшіру мақсатымыз бар. Бұл бастамасы, құрылыс әлі алда. Су, жол, жарық – бәрі қарастырылған.

Хабар 24 телеарнасы