376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да су тасқыны қаупі әлі толық қайтқан жоқ

  • 123
  • UPD: 15:19, 01.04.2019
ШҚО-да су тасқыны қаупі әлі толық қайтқан жоқ

Шығыс Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқыны сәуір айының соңына қарай болуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Егер күн  райы күрт жылынса, таулы аудандарда 800-ге жуық өзеннің суы көтерілу қаупі бар. Облыстық «Қазгидромет» мамандары алдын ала осындай мәлімет таратты. Дәл қазір өңірде 24 елді мекенді су басу қаупі бар. Сондықтан облыстағы барлық коммуналдық  мекемелерде тасқынға тосқын шаралары жоғары деңгейде  жүріп жатыр. Былтыр тоғандар мен гидротехникалық нысандарды жөндеуге 2 миллиард теңге бөлінген. Биыл қосымша 500 миллион теңге қарастырылды.

Елдос Шекенов, облыстық жұмылдыру дайындығы  басқармасының басшысы:

- Су тасып жатса, температура көтеріліп жатса, алгоритміміз бар. Сол алгоритм бойынша әр ауданға ұсыныстар береміз. Әр мемлекеттік мекеме дайын.

Хабар 24 телеарнасы