379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда бейбіт күннің батырын еске алу шарасы өтті

  • 148
  • UPD: 15:26, 01.04.2019

Орал қаласында жол-патрульдік полиция қызметінің жеке құрамы бейбіт күннің батыры Шалқар Ақымғалиевты еске алу шарасын өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыдан 10 күн бұрын атыраулық полицей көпірден суға секірген қызды құтқарам деп өз өмірін қиған болатын. Антына адал болып, құқық қорғау органдарында 5 жыл мінсіз қызмет атқарған Шалқар үйдің үлкені екен. Осы жазда отау тігуді де жоспарлапты. Алайда амал не, Жайықтың асау ағыны жалынды жасты армандарымен қоса арамыздан әкетті. Тірі болғанда, ол бүгін 25 жасқа толар еді деп еске алады әріптестері.

Қанат Мұқанбетов, Орал қ. жол полициясы батальонының взвод командирі:

- Бүгінгі шараның мақсаты – Шалқарды еске алу және жасаған ерлігіне тағзым ету. Ақымғалиев Шалқармен 2014 жылдың ішкі істер қызметіне кіру барысында Атырау қаласындағы бастапқы оқу базасында таныстым. Шалқар өте ашық, әрқашанда көмекке дайын тұратын азамат еді.

Хабар 24 телеарнасы