379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинада сайлаудың алдын ала қорытындысы жарияланды

  • 201
  • UPD: 15:19, 01.04.2019
Украинада сайлаудың алдын ала қорытындысы жарияланды

Украинаның орталық сайлау комиссиясы сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған сәйкес, дауыс берушілердің 30-дан астам пайызы шоумен әрі кәсіпкер Владимир Зеленскийге дауыс берген. Екінші орында шамамен 17 пайыз дауыспен елдің қазіргі президенті Петр Порошенко болса, үшінші орында Юлия Тимошенко тұр. Ол 13 пайыз дауыс жинаған. Бұған дейін орталық сайлау комиссиясы 11 млн адам мүлдем дауыс бермегенін хабарлады. Халықтың 63,52 пайызы ғана өз таңдауын жасаған. Сонымен қатар комиссия сайлау барысында құқық бұзушылық байқалмағанын айтады. Президенттікке үміткерлердің біреуі де 50 пайыз дауысқа ие бола алмағандықтан, саяси доданың екінші  туры сәуірдің 21-і күні өтетін болады. Келесі кезеңге Владимир Зеленский мен Пётр Порошенко өтті.

Хабар 24 телеарнасы