379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


iKomek 109 халықаралық байқауда жеңімпаз атанды

  • 134
  • UPD: 15:19, 01.04.2019
iKomek 109 халықаралық байқауда жеңімпаз атанды

Елорда әкімдігінің iKomek 109 бірыңғай байланыс орталығы Мәскеуде өткен «Хрустальная гарнитура» байқауында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл дода – ТМД елдері арасында байланыс орталықтары мен тұтынушыларға қызмет көрсетуде ең үздіктерді анықтайтын халықаралық бағдарлама. Биыл шараға 400-ге тарта компания қатысқан. iKomek 109 «Үздік байланыс орталықтарын құру, біріктіру жобасы» аталымында үздік шықты.

Айта кетейік, орталық 2018 жылы құрылған. Оның көмегіне бір жылдың ішінде миллионнан астам адам жүгінген. Ал осы жылдың өзінде 500 мыңға тарта өтінім түскен.   

Ақан Нұрғожин, қалалық iKomek Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының департамент директоры: 

- Алдымыздағы жоспар – осындай контакт-орталықтарды барлық әкімдіктерде, барлық облыстарда ашу. Әріптестерімізбен тәжірибемен бөліссек дейміз. Бүгінгі күні тәжірибеміз көрсетіп отырғандай, контакт-орталық қалаға керек.

Хабар 24 телеарнасы