379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында су тасқынына қарсы шаралар қолға алынды

  • 111
  • UPD: 21:25, 01.04.2019

Павлодар облысында көктемгі су Ақтоғай ауданынан Шолақсор ауылына апаратын жолдың үстімен өтті.

Сілеті су қоймасынан жіберілген қарғын су 200 метрдей жерге жайылған. Алайда қиыршық тас төселген жол бұзылмаған, көлік қатынасына да шектеу қойылған жоқ. Соған қарамастан, жауапты мекеме жағдайды бақылауда ұстап отыр. Су басуы мүмкін аумаққа төтенше жағдайлар департаментінің 32 қызметкері, 9 техника, 3 жүзу құралы мен 2 мотопомпа жұмылдырылған. Алдын ала дайындалған 1 мың инертті материалдың 500 қапшығы жол жиегіне қойылды.

Ернұр Өтегенов, облыстық ТЖД басшысы:

–Судың деңгейі көтерілгенімен, Шолақсор ауылына ешқандай зиян келген жоқ. Далалық жерлермен су аққанмен, топырақ бұзылмады.

Хабар 24 телеарнасы