379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облыстық архиві 5 мың құжатты электрондық форматқа көшірді

  • 255
  • UPD: 21:33, 01.04.2019

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірлерде мұрағат қорында сақтаулы дүниелерді жаңа жүйемен реттеу соңғы екі жылда белсенді жүргізілуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін жергілікті бюджет есебінен екі сканер аппараты алынған. Бірі А-3 форматымен жұмыс жасауға қолайлы болса, екіншісі кітап бетіндегі ақпаратты электрондық тасымалдаушыға көшіруге мүмкіндік береді. 95 жылдық тарихы бар Ақтөбе облыстық мұрағатының қорында 700 мыңға жуық тарихи құнды құжаттар бар. Бұл жиынтық – еліміздің өткенінен тұшымды ақпар беретін бағалы дүние. Сондықтан келер ұрпаққа тұпнұсқа күйінде жеткізу – бүгінгі қызметкерлердің басты міндеті.

Марат Төлебай, облыстық мемлекеттік архив директоры:

– 2017 жылдан бастап қарқынды түрде цифрлық форматқа көшіру жұмысы қолға алынды. Бүгінгі күні аса құнды құжаттардың есебінен 128 мың сақтау бірлігінің 5 мың сақтау бірлігі электрондық форматқа көшірілді. Және желі қоймасында сақталып тұр.

Хабар 24 телеарнасы