377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram желісінде ресми парақша ашты

  • 166
  • UPD: 19:13, 01.04.2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram желісінде ресми парақша ашты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев əлеуметтік желілердің бірі Instagram желісінен ресми парақшасын ашты.

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.

«Жақында өңір әкімдеріне жұртпен етене байланыс орнату үшін заманауи байланыс құралдарын ұтымды пайдалануға, яғни халықпен кері байланыс орнату мақсатында əлеуметтік желілерде белсенді болуға шақырдым. Өздеріңізге белгілі, мен бірнеше жылдан бері Twitter желісін белсенді қолданып, мемлекетіміз үшін ең маңызды деген дүниелермен бөлісіп келемін. Ендігі ретте осы үрдісті халық ең көп шоғырланған Instagram желісінде де жалғастыруды жөн деп таптым», - деп жазады Мемлекет басшысы Instagram парақшасындағы жазбасында.

«Еске салайық, соңғы уақытта Instagram желісінде Президенттің атынан ашылған парақшалар көбейіп кетті, бірақ олардың ешқайсысы да ресми емес. Бұдан былай ресми парақша біреу, оның мекенжайы – @tokayev_online», – деп толықтыра кетті Берік Уәли.

Хабар 24 телеарнасы