378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қоғамдық көліктерге қатысты жаңа ереже енгізіледі

  • 213
Қоғамдық көліктерге қатысты жаңа ереже енгізіледі

Елордада қоғамдық көліктердің техникалық жағдайы қатаң бақылауға алынды.

Бұл 6 күн бұрын Қабанбай батыр мен Ұлы дала көшелерінің қиылысында болған ірі жол апатынан кейін қолға алынып отыр. Енді қала ішінде қатынайтын автобустарға қатысты жаңа тәртіп енгізілмек. Қазір ескі ережелер қайта қаралып, зерделеу жұмыстары жүріп жатыр. Естеріңізде болса, қайғылы оқиға кезінде 27 адам зардап шегіп, 2 адам қаза тапқан болатын. Тасымалдаушы тарап барлық талап сақталғандығын айтады. Қазір нақты оқиғаның неден болғаны белгісіз күйінде қалып отыр. Тергеп, тексеру шаралары жалғасуда. 

Науат Азанбаева, «Astana LRT» қоғамдық байланыс қызметінің жетекшісі:

– Барлық кесте қайта қаралады. Бұрын автобустар техникалық байқаудан жылына екі рет, ал жүргізушілер медициналық тексеруден бір рет өткізіліп келсе, енді бұл тәртіп түбегейлі өзгереді. Тіпті жаңа бағдарлама енгізу жағы қарастырылып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы