379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде жаңа әлеуметтік саясат іске асырылып жатыр

  • 147
  • UPD: 21:26, 01.04.2019

Елде жаңа әлеуметтік саясат іске асырылуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үш бағыттан тұрады. Біріншіден, аз қамтылған топтардың табысын арттыру және қолдау. Екіншісі – табысы төмен азаматтардың тұрғын үй мәселесін шешу, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын жақсарту. Үшіншісі – өңірлерді кешенді түрде дамыту. Бұл Елбасының «Nur Otan» партиясының 18-съезінде Үкіметке берген тапсырмасы. Жаңа әлеуметтік бастамалардың орындалуына еліміздің іскер әйелдері өз үлестерін қоспақ. Бұл жөнінде Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында айтылды. Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова қазір елде 18,4 миллион халық болса, соның тоғыз жарым миллионы нәзік жандылар екендігін атап өтті. 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру бағытындағы жұмыстар бірнеше аймақта оң нәтижесін көрсетіп отыр. Соның бірі – Ақмола облысы.

Айна Мысырәлiмова, Ақмола облысы әкімінің орынбасары:

– Өңірімізде 780 мыңнан астам тұрғын бар. Соның 380 мыңы – әйелдер. Гендерлік теңдік тұжырымдамасының нәтижесінде нәзік жандылар барлық салада еңбек етеді. Лауазымдық қызметтер мен депутаттық корпустан да азаматшаларды көруге болады. Аталған тұжырымдаманың негізінде облыста ана мен бала өлімінің көрсеткіші азайды. Халықтың саны өсті. 2018 жылы баланың өлім-жітімі 15,4 процентке кеміді.

Хабар 24 телеарнасы