384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әсет Мағауов ҚР Энергетика вице-министрі болып тағайындалды

  • 506
Әсет Мағауов ҚР Энергетика вице-министрі болып тағайындалды primeminister.kz

Қазақстан Үкіметінде бірқатар кадрлық өзгерістер орын алды.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Әсет Маратұлы Мағауов ҚР Энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Б. Ақшолақов берілген өтінішіне сәйкес лауазымынан босатылды.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметінен босатылды.

ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Қуат Қаһарманұлы Бораш Тіл саясаты комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.

Хабар 24 телеарнасы