377.73 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


С. Сүлейменов ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды

  • 116
С. Сүлейменов ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды primeminister.kz

Р энергетика министрінің бұйрығымен Серік Жүсіпұлы Сүлейменов Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

С. Сүлейменов 1966 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1990 жылы Алматы қаласында ҚазКСР Ғылым академиясы жанындағы Математика және механика институтының аспиранты ретінде бастаған. Әртүрлі жылдары коммерциялық секторда жұмыс істеген, Президент Әкімшілігінде және ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде жұмыс тәжірибесі бар.

2013–2015 жылдары «Қызылорда электр таратушы желілік компаниясы» АҚ басқарма төрағасы, директорлар кеңесінің төрағасы лауазымдарын атқарған. 2015 жылғы қазаннан бастап қазіргі таңға дейін Қызылорда облысының әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Ақпарат көзі: primeminister.kz

Хабар 24 телеарнасы