379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тәртіп бұзған Украина мен Беларусь азаматтары ұшақтан шығарылды

  • 129
Тәртіп бұзған Украина мен Беларусь азаматтары ұшақтан шығарылды

Көлік полицейлері «Алматы-Санкт-Петербург», «Киев-Нұр-Сұлтан» бағытындағы әуе рейстерінен әкімшілік құқықбұзушылық жасағандары үшін Беларусь Республикасы мен Украина азаматтарын түсіріп алды.

Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің кезекші бөліміне «Эйр Астана» АҚ өкілінен «Алматы-Санкт-Петербург» бағытындағы әуе кемесінде құқықбұзушы бар екендігі туралы хабарлама келіп түсті.

Көлік полицейлері тексеру барысында 39 жастағы Беларусь Республикасының азаматын анықтады.

Ішімдік ішкен азамат өзін дөрекі ұстап, адамдардың ар-намысына тиіп, жолаушылардың мазасын алып, тыныштығын бұзған.

Құқықбұзушы жоғарыда аталған әуе кемесінен акті бойынша түсіріліп алынды.

Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес құқық бұзушының «орташа дәрежедегі» масаң күйде болғаны анықталды.

Бұдан соң, оған қатысты ҚР ӘҚБтК 440-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК 12 625 тенге айыппұл салынды.

Сол күні Нұр-Сұлтан қаласы әуежайындағы желілік полиция бөліміне «Эйр Астана» АҚ өкілінен «Киев-Нұр-Сұлтан» бағытындағы әуе кемесінің бортында деструктивті жолаушы бар екендігі туралы екінші хабарлама келіп түсті.

Тексеріс барысында көлік полицейлері әуе бортында темекі шеккен 42 жастағы Украина азаматын анықтап, оны осы әуе кемесі командирінің актісі бойынша рейстен түсіріліп алды.

Бұдан кейін материал құқықбұзушыны ҚР ӘҚБтК 564-бабының 5 тармағы бойынша (Әуе кемесіндегі жолаушылар ретіндегі адамдардың ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдай жасауы) әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірлігінің Азаматтық авиация комитетіне жолданды.

Көліктегі полиция департаменті ағымдағы жыл басынан бері әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 16 214 тәртіп бұзушыны жауапкершілікке тартты, оның ішінде белгіленбеген жерде темекі шеккені үшін 1270, алкогольді ішімдік ішкен 1647 адам ұсталған.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы