384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да тасқын судан төнер қауіп жіті бақылауда

  • 296
  • UPD: 22:25, 01.04.2019

Екінші күн қатарынан Ақмола облысындағы Сілеті су қоймасынан секундына 574 текше мерт су жіберіліп жатыр.

Бұл жылдағы нормадан көбірек. Салдарынан су Құлыкөл, Қаратал және Береке ауылдарына жақындап қалды. Ал құтқарушылар азаматтарды тікұшақпен қауіпсіз жерге көшіріп жатыр.

Руслан Кәкімов Құлыкөл елді мекенінде 10 жылдан астам уақыт тұрады. Баспанасы ауыл шетінде орналасқан. «Биылғы тасқын судан қауіп күшейді», - дейді азамат. Сондықтан мамандар бөгеттті үш метрге дейін биіктетіп жатыр.

Ақмола облысындағы Сілеті су қоймасынан екінші күн қатарынан секундына 574 текше мерт су жіберілуде. Бұл жылдағы нормадан көп.

Манарбек Шапағатов, Ақмола облыстық ТЖД басшысының орынбасары:

– Қазір Сілеті қоймасы секундына 463 текше метр су қабылдап жатыр. Әбден толды. Сондықтан солтүстікте осындай жағдай орын алды. Мәселен тек өткен тәулікте 49 миллион текше мерт су жіберілді.

Қазір топан су Құлыкөл ауылындағы үйлерге жақындады. Апаттың алдын алу үшін мұнда қосымша техникалар да жеткізілді.

Самат Қайырденұлы, тілші:

– Құлыкөл мен Қаратал арасындағы қатынас қазір тіптен қиындап кетті. Екі елді байланыстыратын күре жолдың үстімен су ағып жатыр. Жалпы ұзындығы 800 метрден астам. Ал қайықпен қатынау тіптен қиын дейді мамандар.

Қазір екі ауыл арасында байланыс түбегейлі үзілді. Сондықтан құтқарушылар Қаратал ауылының тұрғындарын тікұшақпен қауіпсіз жерге көшіріп жатыр.

Арнайы құрылған жедел штаб өкілдері жағдайды әуеден бақылауда. Тиісті шаралар уақытылы қабылданып жатыр. Эвакуациялық пунктіне бүгінгі күні 50-ден астам адам жайғастырылды.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы