389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Д. Баландиннің көлігінің айнасын ұрлаған азамат бұрын сотты болған

  • 316
Д. Баландиннің көлігінің айнасын ұрлаған азамат бұрын сотты болған Serke.org

Алматыда тағы да көліктің айнасын ұрлау дерегі тіркелді.

Дәлірек айтқанда, Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің темір тұлпарының айнасын ұрылар шешіп алып кетті. Оқиға Құрманғазы мен Бәйсейітова көшелерінің қиылысындағы дәмханада, спортшы достарымен түскі ас ішіп отырған сәтте болды. Дмитрий Баландин бірден полицияға хабарлаған. Жедел іздестіру нәтижесінде қала тұрғыны ұсталды. 1986 жылы туған күдікті ұрлығын мойындаған. Айта кетейік, өткен жарты жылда көлік айнасын ұрлаған 83 адам және оны сатып алушы 16 адам анықталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Нәтижесінде 51 көлік айнасы тәркіленіпті. Мұндай қылмыс түрі көбінесе Алмалы, Медеу және Алатау аудандарында жиі тіркеледі.

Салтанат Әзірбек, қалалық полиция департаментінің ресми өкілі:

– 1986 жылы туылған Әуезов ауданының тұрғыны болып шықты. Бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін үш рет қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотталған азамат. Оның заңсыз әрекеттері бейнекамераға түсіп қалған.

Хабар 24 телеарнасы