384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда көп балалы отбасынан шыққан балалардың балабақшада тегін тамақтануына 129 млн теңге бөлінді

  • 662
  • UPD: 23:16, 01.04.2019
Павлодарда көп балалы отбасынан шыққан балалардың балабақшада тегін тамақтануына 129 млн теңге бөлінді

Сәуірдің 1-нен бастап көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балғындар балабақшада тегін тамақтанады.

Павлодарда бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 129 миллион теңге бөлініп отыр. Бүгінгі таңда мектепке дейінгі мекемеге 18 мыңнан астам бала барады. Олардың 1160-ы жеңілдікке ие болды. Аталған тізім алдағы уақыттарда толыға түспек. Жеңілдікке қол жеткізу үшін ата-аналар арнайы анықтама әкеліп тапсырулары тиіс. Онда отбасының құрамы, жан басына шаққанда кіріс көлемінің күнкөріс деңгейінен төмендігі көрсетілуі шарт. Құжатты арнайы комиссия қарайды. Мәселен қаладағы №27 балабақшаға 222 бала барады. Олардың арасынан жеңілдікке ие болған 9-ы енді тегін тамақтанады.

Зәуре Қалиева, Павлодар қалалық білім беру бөлімі жетекшісінің орынбасары:

– Облыстық бюджеттен 129 млн теңгеден аса қаражат бөлініп жатыр. Бұл есеп ең біріншіден қазіргі кезде барып жүрген балалар санынан анықталды. 510 бала аз қамтылған отбасылар қатарынан және де 650 бала – көп балалы отбасылардың балалары.

Алла Басевская, №27 балабақша жетекшісі:

– Бұл – кейбір отбасыларға айтарлықтай көмек. Өйткені бір үйден екі-үш баладан барады. Орташа есеппен алғанда бір балаға 10-12 мың теңгеден келеді. Енді 36 мың теңге үнемделетін болды. Көп балалы ата-аналар бұл күнді өте ұзақ күтті. Сондықтан ризашылықтарын білдіріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы