379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде қызылшаға қарсы екпе науқаны басталды

  • 181
Ақтөбеде қызылшаға қарсы екпе науқаны басталды

Ақтөбеде алдағы бір ай ішінде 12 мың бүлдіршінге қызылшаға қарсы екпе жасалуы тиіс.

Елімізде бүгін екпенің көктемгі науқаны басталды. Вакцина 9 айлық нәрестелер мен дертті жұқтырған науқастарға ем жүргізген медицина қызметкерлеріне егіледі. Бұл іс-шаралар тұрғындар үшін тегін. Жыл басынан бері Ақтөбе облысында 51 адам қызылша ауруын жұқтырғанын айта кету керек. Оның 24-і – кәмілет жасына жетпеген балалар. Сондықтан дәрігерлер дерттің алдын алуға бағытталған шаралардан бас тартпауға шақырады. Дегенмен өңірде 2 мыңнан астам азамат вакцина салдыруға келіспеген.

Амангүл Ғалымжанова, қала тұрғыны:

– Қарсы емеспін. Қызым тоғыз айлық. Қызылша ауруына екпе алуға келдім. Барлық екпені алдым.

Хабар 24 телеарнасы