379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арқалықтағы ет комбинаты өнімдерін экспортқа шығаруға мүдделі

  • 98
  • UPD: 08:24, 02.04.2019
Арқалықтағы ет комбинаты өнімдерін экспортқа шығаруға мүдделі

Бес ай бұрын ғана Елбасының өзі тұсауын кескен Арқалықтағы ет комбинаты өз өнімдерін экспортқа шығаруға мүдделі.

Осы уақыт аралығында кәсіпорын 100 тоннадай ет өңдеген. Қазіргі кезде шұжықтың 12 түрін, консервіленген өнімнің 3 түрін шығарады. Ассортиментті  әлі де кеңейте түспек ойлары бар. Ал әзірге ішкі нарық қажетін өтеп отыр. Таяу болашақта Ресей, Орта Азия елдеріне шығу жоспарда тұр. Осы мақсатта жақында олар Халал сертификатын алған. Бұл ет комбинатының ашылғанына, әсіресе, жергілікті шаруалар дән риза.

Тұрсын Ұлысбайұлы, шаруа:

- Өндіріс орындарының болмауы, малдың өсуіне де үлкен кедергісін жасады. Шаруалар үшін өте тиімді нәрсе. Өйткені бұл Торғай өңіріндегі жалғыз ет комбинаты. Ал Торғай өңірі өздеріңізге белгілі малмен ғана күн көріп отырған өңірлердің бірі болып есептеледі.

Қайрат Жиенбаев, ет комбинаты директорының орынбасары:

- Қазір мінеки Қостанайға, Астанаға шығып жатырмыз. Ол қалды мынау Россиядан келіп, өздері де әкетіп жатқандар бар. Содан қалды сертификат Халал алғанымыз біздің, біз мынау өзіміздің мұсылман халықтарына, елдеріне қарай орентация жасап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы