389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы: Ұлттық қордың игілігін көру – болашақ ұрпақтың еншісінде

  • 369
  • UPD: 16:18, 02.04.2019
Мемлекет басшысы: Ұлттық қордың игілігін көру – болашақ ұрпақтың еншісінде egemen.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» және «Aiqyn» газетіне берген сұхбатында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы бастамашы болған әлеуметтік бастамалар жалғаса беретінін айтты.

Сұхбат барысында Президент бюджетке кепілдендірілген және мақсатты трансферттерге Ұлттық қордан өте көп қаржы жұмсалатынын және ендігі кезекте трансферттер көлемін біртіндеп азайтқан жөн екенідігін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» және «Aiqyn» газеттеріне берген сұхбатының толық нұсқасын мына жерден оқи аласыздар.

 «Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы бастамашы болған әлеуметтік бастамалар жалғаса береді. Оны жүзеге асыруға қажетті қаржы қарастырылды, тиісті шаралар легі айқындалды. Осыған дейін айтқа­нымдай, мен бірқатар бастамаларды межеленген мерзімінен ертерек қолға алуға тапсырма бердім. Бюджет саясатында алдымызға қойылған нақты мақсаттар, жоспарлар бар. Мәселен, мұнай кірістеріне тәуелділікті азайтуға, ұлттық қордың активтерін тұрақтандыруға және оны сақтау ісіне басымдық беріледі. Бұл орайда тиісті лауазымды тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктедім. Бюджет қаржысы экономикалық жағынан маңызды әрі табыс әкелетін салаларға жұмсалуы керек. Барлық шешімдер алдын ала жан-жақты зерттеліп, экономикалық прагматизм тұрғысында қабылданғаны жөн. Бұл қаражаттың тиімді жұмсалуына әсер етеді. Бюджет тапшы кезеңде қыруар қаржының игерілмей қалуына жол берілмеуі керек. Өздеріңіз білесіздер, еліміздегі бірқатар даму бағдарламаларының табысты жүзеге асуына Ұлттық қор ерекше ықпал етті. Бюджетке кепілдендірілген және мақсатты трансферттерге Ұлттық қордан өте көп қаржы жұмсалды. Ендігі кезекте трансферттер көлемін біртіндеп азайтқан жөн. Қор қаражатын инвестициялау құрылымын жақсарту саясаты сауатты жүргізілуі керек. Ұлттық қордың игілігін көру – болашақ ұрпақтың еншісінде», - деді Қазақстан Президенті.

«Бюджет тапшы кезеңде қыруар қаржының игерілмей қалуына жол берілмеуі керек», деп атап өтті Қ.Тоқаев.

Хабар 24 телеарнасы