379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы жерлестерімен кездесті

  • 441
  • UPD: 14:29, 02.04.2019

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы өзі туып өскен Шамалған ауылында болып, жерлестерімен кездесті.

«Атамекен» тарихи-мәдени орталығында өткен жүздесуге 3 мыңнан астам адам жиналды. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы жерде мектеп табалдырығын аттап, үлкен өмірге жолдама алды. Жерлестері Елбасын ыстық ықыласпен қарсы алып, ел егемендігін нығайту жолында атқарған қызметіне алғыстарын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев ауыл қазақтың темірқазығы, отанды сүю туған жерді ардақтаудан басталады деді. Қазіргі таңда елді мекендерді дамыту бойынша көптеген бағдарламалардың қолға алынғанын жеткізген Елбасы ауыл тұрғындарын ел игілі үшін еңбек етуге шақырды. Шамалғанның алғашқы іргетасы 1910 жылы қаланған. Ұшқоңыр тауларының баурайында орналасқан шағын ғана ауыл халқы бүгінде 20 мың адамнан асып отыр. 

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы:

- Ауылыңа келгенде жастық шағың есіңе түседі. Қанша қиын-қыстау уақыттардан өттім мемлекетімізді аяғына нық тұрғызу үшін. Сонда шаршаған кезде, осы Шамалған әкеммен жүрген кезім есіме түскенде шаршағаным шығады. Адамның кіндік кескен жері болады. Ол бірінші отаны. Сол бірінші отан арқылы Үлкен отанды сүйіп адам патриот болады. Бірталай елді 170 елді араладым, 200 астам президенттермен кездестім. Соның бәрі елдің қамы. Күндіз-түні жұмыс істедім тәуелсіздік жылдары. Әсіресе Қазақстанды дүние жүзіне белгілі ел ету үшін. Аяғынан тік тұрғызу үшін.

Хабар 24 телеарнасы