379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында тікұшақ апатынан қаза тапқан әскерилерді ақтық сапарға шығарып салды

  • 145
  • UPD: 13:33, 02.04.2019

Бүгін Алматы облысында тікұшақ апатынан қаза тапқан әскерилерді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті.

Олардың екеуі 3-санатты сержант Қайрат Нұрсапанов пен аға сержант Мұрат Шарипов Алакөл ауданының тумасы. Кіші сержант Асхат Абдулманат Талдықорғаннан, ал ефрейтор Қуаныш Сарқытбаев Кербұлақ ауданынан әскер қатарына шақырылған. Барлығы үйленген, балалары бар. Жетісу жерінің тұрғындары бейбіт күнде опат болған боздақтарды бір минуттық үнсіздікпен еске алып, арулап қойды.  

Жанар Әміржанова, облыстық ҚІД баспасөз қызметінің бастығы:

- Бүгінгі күні мемлекеттік комиссияның тергеу амалдары жалғастырылуда. Қара жәшік табылды. Ол мемлекеттік комиссия мүшелерінің қолында сараптауда жатыр. Әр отбасына 5 жылдық жалақы көлемінде өтемақы төленеді.

Хабар 24 телеарнасы