379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда көкөніс бағасы арзандады

  • 141
  • UPD: 13:22, 02.04.2019
Қазақстанда көкөніс бағасы арзандады nevablog.ru

2019 жылғы наурызда 2018 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда Қазақстанда азық-түлік тауарлары бағасы 6,7 пайызға өсті.

Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Есепті кезеңде нан өнімдері мен жармалар, ет, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май, қант, кондитерлік өнімдер, алкогольсіз сусындар және алкогольді ішімдіктер қымбаттады, ал жемістер мен көкөністер арзандады.

Жарма өнімдері тобында бағаның әр бағытта өзгеруі белгіленді. 2019 жылғы наурызда күріштің келесіне орташа баға 327 теңгені құрады, ал 2018 жылғы наурыздағы 287 теңге болған еді. Бұдан бөлек, қарақұмық жармасы биыл 244 теңгені құраса, былтыр 277 теңге сомасында белгіленді.

Қанттың орташа бағасы 2019 жылғы наурызда келісіне 237 теңгеге жетті. Былтыр оның сомасы 200 теңгеге бағаланған еді.

«2019 жылғы наурызда сүт өнімдерінен сүзбеге орташа баға келісіне 1 561 теңгені (бір жыл бұрын 1522 теңге), қаймаққа - 1053 теңгені (1008 теңге), айранға - 286 теңгені (277 теңге), пастерленген сүтке 239 теңгені (217 теңге) құрады.

Хабар 24 телеарнасы