377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда алдағы күндері жаңбыр жауады

  • 160
  • UPD: 13:56, 02.04.2019
Нұр-Сұлтанда алдағы күндері жаңбыр жауады

Алдағы үш күнде астанада күн райы жылы болады, тек өткінші жаңбыр жауады.

Синоптиктердің хабарлауынша, бүгін елордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Оңтүстік-батыстан, солтүстік батыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0...-2°С, күндіз +9...+11°С.

Ертең көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +1...+3°С, күндіз +11...+13°С.

«4 сәуірде күн бұлтты болып, өткінші жаңбыр жауады, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10 м/с құрайды. Сынап бағанасы түнде +2...+4°С, күндіз +7...+9°С көрсетеді, – деп мәлімдеді «Қазгидрометтен».

Хабар 24 телеарнасы