379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда су басу қаупі бар қызыл қауіпті аймақта барлығы 600 үй мен обьекті бар

  • 138
  • UPD: 15:01, 02.04.2019
Көкшетауда су басу қаупі бар қызыл қауіпті аймақта барлығы 600 үй мен обьекті бар Fruit

Қылшақты өзенінде су деңгейі критикалық жағдайдан жоғары көтерілді.

Көкшетауда су деңгейінің көтерілуі 31 наурыз күні түскен қардың 10-15 см еруінен пайда болып, Бурабай және Зеренді аудандарының аумағынан қапталдағы құйылымдары қиындатты.

Алдын ала дайындалған инертті материалдардың, қауіпті учаскелерге топырақ төгудің, құм толтырылған қаптарды орналастырудың, өзен арнасын қоқыстан тазартудың және Қопа өзеніне кіреберістегі мұз қатпарын бұзудың, жағдайдың күрделене түсуіне жедел ден қоюдың, Иванов бөгетін нығайтудың арқасында катастрофалық су басудан құтылуға және келтірілген нұқсанды азайтуға қол жеткізілді.

Көкшетауда су басу қаупі бар қызыл қауіпті аймақта барлығы 600 үй мен обьектілер бар.

Осы жылы 5 үй мен шамамен 15-16 аула аумақтарын су басты. Бұдан әрі су үйлер мен обьектілерді су басуға жол берілмеді.

Қазіргі таңда су деңгейі төмендеп келе жатыр, суды сору бойынша жұмыстар жедел басталды. 16 мотопомпалар, 4 ассенизаторлық машиналар, 2 трактор және 2 өрт сөндіру автоцистерналары іске қосылды.

Хабар 24 телеарнасы