376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда аутизмге шалдыққан балаларға арналған кеңес беру күні өтті

  • 113
Қарағандыда аутизмге шалдыққан балаларға арналған кеңес беру күні өтті

Қарағандыдағы оңалту орталығында аутизм дертіне шалдыққан балаларға арналған кеңес беру күні өтті.

Шара барысында ата-аналарға  түрлі ем-домдардың  денсаулыққа тигізер пайдасы кеңінен айтылды. «Үміт» орталығы жылына 200 бала қабылдайды. Мұнда науқастарға дәрігерлік және коррекциялық  көмектер көрсетіледі. Ал жалпы аймақта  аутизм дертіне ұшыраған 200-ден астам бала тіркелген. Олардың жартысынан көбі мектеп жасындағылар. Қазір облыста 24  арнайы білім беру мекемесі бар. Онда барлығы 649 педагог, 29 дәрігер мен 45 медбике қызмет атқарады.

Әйгерім Қайырбекова: «Үміт» облыстық оңалту орталығы директорының орынбасары:

- Кеңесті әлеуметтік педагог, мұғалім деффектолог, мұғалім логопед, педагог-психолог мамандары береді. Сонымен қатар, бізде отырған бала дәрігері бар. Невропотолог,психиатр осы дәрігерлер яғни командалық кеңес беруге тырысамыз. Бізде тек ғана бір маман жұмыс істемейді. Жұмыс кешенді болып табылғандықтан біздегі барлық мамандар баланың проблемасына қарай баладағы ауытқушылықтарға байланысты кеңес беріледі.

Хабар 24 телеарнасы