378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі бруцеллёзге қарсы күрес стратегиясы қайта қаралды

  • 164
  • UPD: 15:31, 02.04.2019
Еліміздегі бруцеллёзге қарсы күрес стратегиясы қайта қаралды

Халықаралық эпизоотиялық бюро ұсынысына сәйкес еліміздегі бруцеллёзге қарсы күрес стратегиясы қайта қаралды.

Енді ветеринарлық зерттеу оң нәтиже берген жануарға ғана емес, бүкіл табынға жүргізіледі. Биыл ветеринарлық іс-шараларға 45 миллиард теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 3 миллиард теңгеге артық. Аталған қаражат есебінен биыл жануарлар мен құстардың аса қауіпті 17 ауруына қарсы вакцинациялау бойынша 137 миллион манипуляция жүргізу жоспарланған.

Сапархан Омаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Жоғары патогенді құс тұмауына қарсы күрес стратегиясына жұмыс істеп тұрған құс фабрикаларынан 20 шақырым радиустағы халық шаруашылығының тәуекел аймағын анықтау бөлігінде өзгерістер енгізілді. Енді жабайы құстардың қоныс аудару жолында және су қоймаларының жанында орналасқан шаруашылықтармен қатар құс фабрикаларындағы құстардың да ата-енелік табынына осы ауруға қарсы вакцина егілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы