379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-ның Глубокое ауданының құтқарушылары ауылдардағы тасқын судың алдын алды

  • 135
  • UPD: 16:01, 02.04.2019
ШҚО-ның Глубокое ауданының құтқарушылары ауылдардағы тасқын судың алдын алды

Глубокое ауданында құтқарушылар Глубокое мен Прогресс ауылдарындағы бас көшелерінде еріген суды ұстап қалды.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Жергілікті төтеншеліктер аудандық әкімдікпен бірлесіп, тасқын судың алдын алу бойынша, сондай-ақ үйлерді су басудан қорғау бойынша шаралар жүргізді. Автожол бойындағы арықтар даладан келген еріген судың арынына төтеп бере алмай қалды, құтқарушылар мен әкімдіктің күшімен тас жол бойынша инертті материал төселді, сондай-ақ кей учаскелерде су сорып шығарылды.

Қазіргі таңда Глубокое және Прогресс ауылдарындағы жол бойынша шамамен 2000 қап төселді. Жұмыстарға «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» жеке құрамынан 12 адам, сондай-ақ жергілікті атқарушы органнан 50 адам жұмылдырылды.

Қазіргі таңда тұрғын үйлерге қауіп жоқ.

Хабар 24 телеарнасы