378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған шеберхана ашылды

  • 185
  • UPD: 23:52, 02.04.2019
Атырауда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған шеберхана ашылды

Мұнда 5-15 жас аралығындағы церебралды паралич, яғни түйсіну қабілеті мен сезімталдығы, сондай-ақ тірек-қимыл жүйесі бұзылған, интеллектуалды дамуында ақауы бар, Даун синдромына, аутизм дертіне шалдыққан балалар қабылданады, деп хабарлайды «Хабар 24»

Жалпы ауданы 425 шаршы метр кешен 20-25 балаға шақталған. Орталық аумағынан тепе-теңдік ұстауды дамытатын, жалпы және ұсақ моториканы, визуалды бейнелерді, әлеуметтік және топтық ойын дағдыларын дамытуға арналған инклюзивті ойын алаңы да бар. Нысан әртүрлі гранттар, кәсіпкерлер демеушілігі, қала тұрғындарының қаржылай қолдауымен салынды. Жалпы, облыста аутизмге шалдыққан 53 бала бар. Оның 29 арнайы есепке алынған.

Гүлбарам Ермұханова, «Венера инклюзивтік шеберханасы» орталығының  үйлестірушісі:

- Өзім де мүмкіндігі шекутеулі баланың анасымын. Ұлым аутизм дертіне шалдыққан. Ол өскен сайын қоғамнан алшақтап бара жатты. Осыған байланысты осындай балаларға аналар болып неге орталық ашпасқа деген ой келдім. 20-25 баланы қабылдау жоспарымызда бар. Яғни 4 сағаттық дамыту орталығы түске дейін 10 бала, түстен кейін 10 бала деген жоспармен жұмыс істейтін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы