384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы ірі ЖКО салдарынан зардап шеккен екі адам ауруханадан шықты

  • 376
  • UPD: 18:19, 02.04.2019
Елордадағы ірі ЖКО салдарынан зардап шеккен екі адам ауруханадан шықты

№2 қалалық ауруханада 12 адам, Ұлттық нейрохирургия орталығында 1 адам ем қабылдауда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында елордада автобустардың қатысуымен болған ірі жол апатынан зардап шегушілердің қазіргі жағдайы туралы айтылды.

«Қазіргі таңда №2 қалалық ауруханада 12 адам қалып отыр. №2 қалалық көпбейінді аурухана хабарламасына сай зардап шегуші сегіз жанның жағдайы қанағаттанарлық, ал қалған төрт адамның жағдайына орташа деген баға беріліп отыр. Екі зардап шегуші үйіне жіберілді», – делінген ведомствоның хабарламасында.

Бір адам Ұлттық нейрохирургия орталығында ем алуда. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында мәлімдегендей, пациенттердің жағдайы тәулік бойы бақылауда. Науқастар барлық қажетті терапияны алуда.

Хабар 24 телеарнасы