377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қазпошта» тұтынушылар үшін тиімді төлем картасын іске қосты

  • 213
  • UPD: 23:48, 02.04.2019

Интернет-дүкен арқылы жасалатын тапсырыстарды енді E-commerce картасы арқылы төлеуге болады, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Бұл картаның артықшылығы, уақытты үнемдейсіз, сосын әрбір сатып алған затыңыз үшін қосымша бонустар жинайсыз. «Қазпошта» мен Mastercard бірігіп тұтынушылар үшін осындай теңдессіз мүмкіндік ұсынып отыр.

E-commerce картасы интернет-дүкеннен алған затыңыздың ақысын үйден шықпай-ақ төлеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ «Қазпоштаның» сайтына кіріп, ұялы байланыс пен коммуналдық қызметтерді, салық төлемдерін төлей аласыз. Ал әрбір жасалған операция үшін бонус жинайсыз.

Алина Жанқұлова, «Қазпошта» АҚ департамент директоры:

- Клиент интернет арқылы төлем жасайтын болса, оған 1 процент кэшбек болып шотына келеді. Мысалы, 100 мың теңгеге тауар алатын болса, 1 процент, 1000 теңге шотына қайтарылып келеді. Ол ақшаға клиент тағы да онлайн-сауда жасаса болады немесе банкомат арқылы шешіп алса болады.

Жаңа төлем картасы енді ғана іске қосылғанымен, оны иеленгісі келетін азаматтар аз емес. Соның бірі – Назым Жанғазинова. Интернет-дүкеннің қызметіне жиі жүгінетін ол: «картамен 3 түрлі валютада төлем жасауға болатындығы қолайлы», – дейді.

Назым Жанғазинова, қала тұрғыны:

- Карточка арқылы онлайн-шопинг жасауға болады. Мысалы, мен бір сайттан доллар валютасында ұлыма бір ойыншықты сатып алатын болсам, ол автоматты түрде теңгеге конвертация жасалады. Және ол конвертация тегін, пайызсыз.

Картаны ашу үшін «Қазпоштаның» бөлімшесіне бару міндетті емес. Post.kz сайтына кіріп тапсырыс бере аласыз. Тіпті, тұтынушыға тегін жеткізу қызметі де бар. Бастысы, барлық төлемдер қорғалған. Себебі, әрбір онлайн сатып алу кезінде тұтынушыға бір реттік жасырын код жіберіледі.

Авторлары: Назерке Әбдірахманқызы, Ғани Алшынбаев

Хабар 24 телеарнасы