384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда аутист балалардың ата-аналары арнайы қор құрды

  • 633
  • UPD: 23:46, 02.04.2019
Талдықорғанда аутист балалардың ата-аналары арнайы қор құрды

Талдықорғанда да аутизмге шалдыққан балаларды қолдау мақсатында арнайы шара өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақтағы «Басқа өмір» қоғамдық қорының арнайы тобында бүгінде осындай індетке шалдыққан 60 баланың ата-анасы тіркелген. Оларға қоғамдық қор арқылы жан-жақты көмек көрсетіліп келеді. «Бәйтерек» оңалту орталығында да аутист балаларды емдеумен айналысатын мамандар бар. «Жалпы, денсаулық сақтау басқармасының мамандары облыста осы дертке шалдыққан 100-ден астам бала бар», – дейді. Көп жағдайда ата-аналары оларды үйде оқытады екен.

Гүлнұр Смағұлова, қала тұрғыны:

- Әр ата-анаға ақпарат бере аламыз. Қандай коррекциялық кабинетке бара алады. Заң түрінде қандай құқығы бар екенін түсіндіріп бере аламыз. Қандай көмек болса да, біз сол көмекті көрсеткіміз келеді.

Хабар 24 телеарнасы