377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе көші-қон қызметі «Халықтық кеңседе» орталық ашты

  • 107
Ақтөбе көші-қон қызметі «Халықтық кеңседе» орталық ашты

Көші-қон саласында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 5 күннен 1 сағатқа дейін қысқарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл көрсеткішке бір терезе қағидасы бойынша жұмыстарды жүйелендіру арқасында қол жетіп отыр. Ақтөбе облыстық полиция департаментіне қарасты көші қон қызметі «Халықтық кеңсе» ғимаратында орталық ашты. Өңірге келген шетелдіктердің уақытын үнемдеу үшін құзырлы орган өкілдері бір жерге шоғырланған. Ал бірыңғай электрондық кезек пен ашық кеңістік қызмет көрсетуші мен тұтынушы арасындағы байланысты шектеп, жемқорлыққа жол бермейді. Ресей федерациясымен шекаралас орналасқан Ақтөбе өңірінде бұл орталық сұранысқа ие болатыны анық.

Мұратбек Әбіш, Ақтөбе қаласы ПБ көші-қон қызметінің аға инспекторы:

– Бұл орталықта күту залы, банк өкілдері, сақтандыру компаниясының өкілдері, тағы да басқа ұйымдар бар. Жыл басынан бері 7 мыңның үстінде көші қон саласы бойынша мемлекеттік қызмет көрсеттік.

Хабар 24 телеарнасы