376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да медицина мамандары тапшы

  • 69
СҚО-да медицина мамандары тапшы

Еліміздің солтүстік өңірінде медицина саласының мамандары тапшы.

Дәлірек айтқанда 80 дәрігер жетіспейді. Бірақ бұл проблема биыл шешіледі. Ол үшін Нұр-Сұлтан, Семей және Қарағанды қалаларындағы медицина университтерінің түлектерін тарту көзделіп отыр. Жас мамандар ауылды жерлерде тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Сонымен қоса 1,5 млн теңге үстеме ақы алады. Осы әдіспен 2018 жылы аймаққа 50 дәрігер тартылыпты.

Тимур Сұлтанғазиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Қазір баланста жас мамандарға берілетін 30 үй дайын тұр. Түлектердің көбісі қазірден бастап қызығушылық білдіріп отыр. Бүгінде олардың 50-ден астамы бізбен келісімшартқа отырды.

Хабар 24 телеарнасы